Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады


Главная » ЦОН п.Топар » Информация для граждан

Опубликовано: 12.07.2016

2016 ж. 11 шілде     

Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула  арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы  24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 - кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЭК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін  31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы 116 мың бала тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалған, оның ішіндегі 656 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкімет»"

 мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

 баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 27 06 58 (109)

 



Қарағанды облысы бойынша ХҚКО РМК филиалы Абай ауданы Топар кентіндегі №2 бөлім

Заңды мекен жай:

Қарағанды облысы,
Абай ауданы, Топар кенті,
Қазыбек би көшесі, 3 үй.


Бөлім басшысы:
Айгуль Дияровна Араонова

Реттеу залының басшысы:
Баглан Амангельдиевна Бакен

Жинақтау секторының жетекші нспекторы:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторлар:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефоны:
8 (72153) 30446 - Бөлім басшысының
8 (72153) 30447 - Дайын құжаттарды беру секторының
8 (72153) 79000 - SIP Телефоны

Отдел №2 Абайского района (п.Топар) филиала РГП «ЦОН» по Карагандинской области

Юридический адрес:

Карагандинская область,
Абайский район, п.Топар,
Ул.Казыбек би, 3.


Руководитель отдела:
Араонова Айгуль Дияровна

Руководитель операционного зала:
Бакен Баглан Амангельдиевна

Ведущий инспектор сектора «Накопитель»:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторы:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефон:
8 (72153) 30446 - руководитель отдела
8 (72153) 30447 - операционный зал (сектор выдачи готовых документов)
8 (72153) 79000 - SIP Телефон

Е – mail: con_topar@mail.ru

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ
ГРАФИК РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ

с 09.00 до 20.00 час.

ТҮСКІ ҮЗІЛІССІЗ
БЕЗ ПЕРЕРЫВА НА ОБЕД

Бөлім қызметкерлері үзіліске сырғу кестесі арқылы, ауысу кезегі бойынша барады:
  1. кезек (сағ. 09.00 – 17.00 дейін) – үзіліс сағ. 13.00 - 14.00дейін.
  2. кезек (сағ. 12.00 – 20.00 дейін) – үзіліс сағ. 14.00 - 15.00дейін.

Работники отдела обедают по скользящему графику, в соответствии с графиком сменности:
  1. смена (09.00 час. – 17.00 час.) – обед с 13.00час. до 14.00час.
  2. смена (12.00 час. – 20.00 час.) – обед с 14.00час. до 15.00час.

ЖЕКСЕНБІ – ДЕМАЛЫС КҮНІ
ВОСКРЕСЕНЬЕ – ВЫХОДНОЙ ДЕНЬ

Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь