БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Азаматтарға арналған үкімет жұмыскерлері асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелі кеңестер өткізді


Главная » ЦОН п.Топар » Информация для граждан

Опубликовано: 01.06.2016

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2016 жылғы 31 мамыр                                                                                             Астана қ.

 

Азаматтарға арналған үкімет жұмыскерлері асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелі кеңестер өткізді

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері Қазақстанның барлық өңірлерінде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерге көшпелі кеңестер өткізді

"Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныңжұмыскерлері отбасы негізіндегі балалар үйлерінде қорғаншылықты ресімдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресімдеу және т.б. әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету бойынша көшпелі кеңестер өткізді,"- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттік корпорация жұмыскерлері кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, "Азаматтарға арналған үкіметтің" қарағандылық филиалының өкілдері балалармен футболдан жолдастық кездесу өткізіп, 16 жасқа толған жеткіншектерге дайын жеке куәліктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердің күтімін жасайтын құралдар түрінде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгінгі күні мемлекеттік корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Олардың ішінде зейнетақы төлемдері, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтік маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтері бар.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз.

 

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

 мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

 баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99

 



Қарағанды облысы бойынша ХҚКО РМК филиалы Абай ауданы Топар кентіндегі №2 бөлім

Заңды мекен жай:

Қарағанды облысы,
Абай ауданы, Топар кенті,
Қазыбек би көшесі, 3 үй.


Бөлім басшысы:
Айгуль Дияровна Араонова

Реттеу залының басшысы:
Баглан Амангельдиевна Бакен

Жинақтау секторының жетекші нспекторы:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторлар:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефоны:
8 (72153) 30446 - Бөлім басшысының
8 (72153) 30447 - Дайын құжаттарды беру секторының
8 (72153) 79000 - SIP Телефоны

Отдел №2 Абайского района (п.Топар) филиала РГП «ЦОН» по Карагандинской области

Юридический адрес:

Карагандинская область,
Абайский район, п.Топар,
Ул.Казыбек би, 3.


Руководитель отдела:
Араонова Айгуль Дияровна

Руководитель операционного зала:
Бакен Баглан Амангельдиевна

Ведущий инспектор сектора «Накопитель»:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторы:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефон:
8 (72153) 30446 - руководитель отдела
8 (72153) 30447 - операционный зал (сектор выдачи готовых документов)
8 (72153) 79000 - SIP Телефон

Е – mail: con_topar@mail.ru

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ
ГРАФИК РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ

с 09.00 до 20.00 час.

ТҮСКІ ҮЗІЛІССІЗ
БЕЗ ПЕРЕРЫВА НА ОБЕД

Бөлім қызметкерлері үзіліске сырғу кестесі арқылы, ауысу кезегі бойынша барады:
  1. кезек (сағ. 09.00 – 17.00 дейін) – үзіліс сағ. 13.00 - 14.00дейін.
  2. кезек (сағ. 12.00 – 20.00 дейін) – үзіліс сағ. 14.00 - 15.00дейін.

Работники отдела обедают по скользящему графику, в соответствии с графиком сменности:
  1. смена (09.00 час. – 17.00 час.) – обед с 13.00час. до 14.00час.
  2. смена (12.00 час. – 20.00 час.) – обед с 14.00час. до 15.00час.

ЖЕКСЕНБІ – ДЕМАЛЫС КҮНІ
ВОСКРЕСЕНЬЕ – ВЫХОДНОЙ ДЕНЬ

Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь