Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды


Главная » ЦОН п.Топар » Информация для граждан

Опубликовано: 05.05.2018

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

 

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.



Қарағанды облысы бойынша ХҚКО РМК филиалы Абай ауданы Топар кентіндегі №2 бөлім

Заңды мекен жай:

Қарағанды облысы,
Абай ауданы, Топар кенті,
Қазыбек би көшесі, 3 үй.


Бөлім басшысы:
Айгуль Дияровна Араонова

Реттеу залының басшысы:
Баглан Амангельдиевна Бакен

Жинақтау секторының жетекші нспекторы:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторлар:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефоны:
8 (72153) 30446 - Бөлім басшысының
8 (72153) 30447 - Дайын құжаттарды беру секторының
8 (72153) 79000 - SIP Телефоны

Отдел №2 Абайского района (п.Топар) филиала РГП «ЦОН» по Карагандинской области

Юридический адрес:

Карагандинская область,
Абайский район, п.Топар,
Ул.Казыбек би, 3.


Руководитель отдела:
Араонова Айгуль Дияровна

Руководитель операционного зала:
Бакен Баглан Амангельдиевна

Ведущий инспектор сектора «Накопитель»:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторы:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефон:
8 (72153) 30446 - руководитель отдела
8 (72153) 30447 - операционный зал (сектор выдачи готовых документов)
8 (72153) 79000 - SIP Телефон

Е – mail: con_topar@mail.ru

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ
ГРАФИК РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ

с 09.00 до 20.00 час.

ТҮСКІ ҮЗІЛІССІЗ
БЕЗ ПЕРЕРЫВА НА ОБЕД

Бөлім қызметкерлері үзіліске сырғу кестесі арқылы, ауысу кезегі бойынша барады:
  1. кезек (сағ. 09.00 – 17.00 дейін) – үзіліс сағ. 13.00 - 14.00дейін.
  2. кезек (сағ. 12.00 – 20.00 дейін) – үзіліс сағ. 14.00 - 15.00дейін.

Работники отдела обедают по скользящему графику, в соответствии с графиком сменности:
  1. смена (09.00 час. – 17.00 час.) – обед с 13.00час. до 14.00час.
  2. смена (12.00 час. – 20.00 час.) – обед с 14.00час. до 15.00час.

ЖЕКСЕНБІ – ДЕМАЛЫС КҮНІ
ВОСКРЕСЕНЬЕ – ВЫХОДНОЙ ДЕНЬ

Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь