Тәуелсіздіктің 25 жылдығынаың логатипі
Келіні жақсының керегесі алтын
Осы сөздің төркінінде терең мән жатыр. Өйткені, шаңырақтың беріктігі, отбасындағы ынтымақ, бардың бағасын білу, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, бәрі-бәрі келіндердің бойындағы жақсы қасиеттермен астасып жататыны анық. Демек, әдепті келін ауылдың көркі, ағайын-туыстың ұйытқысы.
21 қазан күні Қарағанды қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып, аймағымызда тұңғыш рет облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы мен«Нұрәсем» сән үйі бірлесіп «Қазақтың келіндері-ай»атты келіндер байқауын өткізді. Оған аймағымыздың әр өңірінен он саусағынан өнері тамған, халқымыздың бай дәстүрі мен салтын сақтай білген келіндер қатыстырылды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әзиз аналардың сынынан байқауға қатысушы келіндер өзін-өзі таныстырудан бастап, қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін, ұлттық киім, мақал-мәтел жарысы, қазақтың бай дастарқаны мен қолөнер тәрізді құндылықтарын дәріптеді.Аталмыш сында аудан келіндерінің намысынаудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Ақтоғай ауданың№1 бөлімінің құжаттарды қабылдау бөлімінің маманы, Жұмабай әулетінің келіні Мухаметбекова Алтынай Нұрланқызыабыроймен қорғап, байқаудың «Келісті келін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Алтынайдың бұл марапатын келінді әулеттің ырысы, құт-берекесі ғана емес, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген Ақтоғай жұртына көрсетілген лайықты құрмет деп білеміз.
Манаргүл МҮТӘЛІП