Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады


Главная » ЦОН п.Топар » Информация для граждан

Опубликовано: 22.05.2015

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 22 мамыр

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

 

            Бұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.

            «ХҚКО» РМКбас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзінде азаматтар салық қызметтерін қандай да бір кедергілерсіз, ал келесі жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бірыңғай электрондық кезек тәртібімен ала алатын болады. Яғни біз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттің дайын құжатты алған сәтіне дейін қадағалай алатын боламыз», - деп айтып өтті ол.

            Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Олардың ішінде: Дара кәсіпкерді тіркеу есебіне алу, салық төлеушілерді тіркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептілігін кері қайтарып алу және т.б. Қазіргі уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерінен өтеді.   

            Айта кетейік, осы іспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында қолданылды. Енді бұл тәжірибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.

Қазіргі уақытта облыстықмемлекеттік кірістер органдарына ХҚКО-ның 5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында – сәйкесінше 10 және 20 қызметкер іссапарға жіберілді.

            Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.

            Бүгінгі күні республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың ішінен 9-ы автокөлік иелеріне қызметтер көрсету жөніндегі мамандандырылған ХҚКО.

            Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13 711 696 қызмет көрсетілген, оның ішінде 10 366 299 – электрондық нысанда ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қарағанды облысы бойынша ХҚКО РМК филиалы Абай ауданы Топар кентіндегі №2 бөлім

Заңды мекен жай:

Қарағанды облысы,
Абай ауданы, Топар кенті,
Қазыбек би көшесі, 3 үй.


Бөлім басшысы:
Айгуль Дияровна Араонова

Реттеу залының басшысы:
Баглан Амангельдиевна Бакен

Жинақтау секторының жетекші нспекторы:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторлар:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефоны:
8 (72153) 30446 - Бөлім басшысының
8 (72153) 30447 - Дайын құжаттарды беру секторының
8 (72153) 79000 - SIP Телефоны

Отдел №2 Абайского района (п.Топар) филиала РГП «ЦОН» по Карагандинской области

Юридический адрес:

Карагандинская область,
Абайский район, п.Топар,
Ул.Казыбек би, 3.


Руководитель отдела:
Араонова Айгуль Дияровна

Руководитель операционного зала:
Бакен Баглан Амангельдиевна

Ведущий инспектор сектора «Накопитель»:
Алмаз Асылханович Диянов

Инспекторы:
   1. Айнур Ермековна Шаймерденова
   2. Олеся Юрьевна Чередниченко
   3. Закиржон Зульфигорович Камалов
   4. Гульнара Нуртаевна Бакмаганбетова
   5. Туран Габил оглы Фараджов
   6. Алина Бауыржановна Жунусова
   7. Мадина Меирмановна Сагантаева
   8. Жибек Миныхамитовна Токабаева

Телефон:
8 (72153) 30446 - руководитель отдела
8 (72153) 30447 - операционный зал (сектор выдачи готовых документов)
8 (72153) 79000 - SIP Телефон

Е – mail: con_topar@mail.ru

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ
ГРАФИК РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ

с 09.00 до 20.00 час.

ТҮСКІ ҮЗІЛІССІЗ
БЕЗ ПЕРЕРЫВА НА ОБЕД

Бөлім қызметкерлері үзіліске сырғу кестесі арқылы, ауысу кезегі бойынша барады:
  1. кезек (сағ. 09.00 – 17.00 дейін) – үзіліс сағ. 13.00 - 14.00дейін.
  2. кезек (сағ. 12.00 – 20.00 дейін) – үзіліс сағ. 14.00 - 15.00дейін.

Работники отдела обедают по скользящему графику, в соответствии с графиком сменности:
  1. смена (09.00 час. – 17.00 час.) – обед с 13.00час. до 14.00час.
  2. смена (12.00 час. – 20.00 час.) – обед с 14.00час. до 15.00час.

ЖЕКСЕНБІ – ДЕМАЛЫС КҮНІ
ВОСКРЕСЕНЬЕ – ВЫХОДНОЙ ДЕНЬ

Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь