21.10.2017
Суббота 21:50

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
20.10.2017 Про то как арендовать Азамат Агрыметов:Я, например, арендую машину именно у astana-express.kz . Были случаи когда требовались автобусы для перевозки группы туристов и они у них на... 02.07.2017 С Новым Годом г.Абай Ермек Сакетов:Сабина может илучше спеть☺ 10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во... 08.01.2017 Новогодний патруль Asem Iskakova:Фу это Оля калташова все портит
Рекламный блок
Опросник
г.Абай раньше назывался...
Всего ответов: 838




Мемлекеттік тілдің беделі-болашақтың бағыты


Опубликовано: 08.11.2015

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсыруымен «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС орыс тілді азаматтарға мемелекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» жобасы бойынша Қарағанды облысының бірқатар аудан-қалаларында 3-10 қараша аралығында кездесу, дөңгелек үстел, брифинг, көрме өткізбек. Қарашаның 3 күні Абай аудандық мәдениет үйінде бұл бастамадағы тіл жанашырлары дөңгелек үстелдің айналасына жиналды. Жұмыс тобының құрамында белгілі қоғам қайраткерлері, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім мен саясаттанушы Расул Жұмалы және Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Құралай Зекенқызы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы мемлекеттік тіл міндеттемелерінің жұмыстарымен таныстырды.Тіл жайын талқылап жүрген қадірлі қонақтарымыз-«Орыс тілді аудиторияға мемлекеттік тілді насихаттау құрғақ үгіт түрінде жүргізілмеуі шарт. Олар қазақ тілінің-мемлекеттік тіл екендігін жақсы біледі, қазіргі республикадағы тілдік жағдайды, қазақ тілінің қоғамдағы алатын орынын, қолдану деңгейінен де хабардар»-дейді. Сондықтан іс-шаралар ашық әңгіме түрінде өткізілді. Шараға қатусы орыс тілді азаматтар, осы уақытқа дейін мұндай ашық әңгіменің болмағанына, қоғамның күрделі мәселелерін, оның ішінде мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайын ашық та бірлесе талқылайтын уақыт жеткендігіне көз жеткізді. Расул Жұмалы- «Қазақ тілін білу арқылы орыс тілді қазақстандықтың болмысында жеке азаматтық бәсекеге қабілеттілігі артады, келешекте еңбек бөлінісінде мемлекеттік тіл бірінші кезекте болады» десе, ауызы дуалы Дос мырза- «Бұған менің қазақ тілім деп емес, менің мемлекетімінің тілі деп қарау керек,сыртқы жарнамада «Нан-Хлеб» деген аударма қажет емес, бір сөз болса да отандасымыз ұға бергені жөн. «Суға түспесең, жүзуді үйрене алмайсың» деп тақырыпқа төтесінен көшті.

Абай аудандық орталық кітапхана басшысы Наталья Филипенко, мемлекеттік тілді үйренудің бүгінгі өзектілігі мен әр тұрғынның міндеті екенін айтса, Корниенко атындағы мектеп ұстазы Шегірова Үндемес апайымыз, мемлекеттік мекемелердік көбісі аудармашыларға сүйенеді, бұл дұрыс емес, яғни дұрыс маман, дұрыс аударма дұрыс бағыттың бастамасы екенін атап көрсетті.

Южный кенті әкімдігінің бас маманы Жұмаханов Мейіржан бауырымыз, жоғарғы оқу орындарындағы техникалық бағытта мемлекеттік тілде оқыту қиын екендігін, соның кесірінен өндіріс орындары қазақ тілін пайдаланудан қалыс қалғанын айтады. Абай ауданындағы орыс тілді жерлестерімізге үлгі де, үміт болатын үштікті баса айтқанымыз жөн. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМудің журналисика бөлімінің оқытушы, қала тұрғыны Юля Демянова, осы оқу ошағының 3 курс студенті Киселева Ксеня, тіл үйрену әркімнің тілеуіне, ынтасына байланысты дейді, орыс тілді ортада өсіп, орыс мектебінде оқып, түсінік-түйсігімен тірнектеп қазақ тілін үйреніп алыпты, қазір ешқандай бөгетсіз жолдарымыз ашыла бастады- дейді. Юля тіпті тіл үйренумен бірге домбыра тартуға да ден қойған екен. Ал жиын соңында өзінің қазақ тілін білетіндігін айтып, келгендерге алғысын жаудырып, соңында көз жасына ерік берген Топар қаласы, Абай атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Кригер Андрейдің қылығына жиналғандар сүйсініп қалды. Бұл ел дамуындағы елеулі тақырып, жобаға Қазақстан халқы кіші Ассамлеясы мүшелері, жергілікті жерлердің қоғамдық ұйымдарының, «Нұр Отан» жастар қанаты мүшелері мен еңбек ұжымдары және ерікті қатысушылар ат салыса алады. Қазақстан бойынша аталған жобаның жүргізілу барысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Қарағанды облысының Шахтинск, Саран, Абай, Теміртау қалалары мен Осакаров, Киевка, Ботақара кенттерін қамтиды.

Автор: соб корр


Фото к статье:
Просмотров: 510 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Мемлекеттік тілдің беделі-болашақтың бағыты" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar