24.05.2017
Среда 08:12

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во... 08.01.2017 Новогодний патруль Asem Iskakova:Фу это Оля калташова все портит 15.12.2016 Коняга Zinaida Abramova:ОЧЕНЬ ТРОГАТЕЛЬНОЕ ВИДЕО! НЕ МОЖЕТ ОСТАВИТЬ РАВНОДУШНЫМ НИКОГО!ТАКАЯ ЛЮБОВЬ К ЖИВОТНЫМ! 29.11.2016 Памяти отважного участкового Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Светлая память Евгению Гончарову. Мы будем его всегда помнить. Семья Есмагамбетовых.
Рекламный блок
Опросник
Кто Вы?
Всего ответов: 319




АТ БАПТАУ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ ӨНЕР


Опубликовано: 18.03.2017

Бүгінде атбегінің қолында үш жүйрік бар. Ал, олардың ішіндегі ең дүлдүлі – Атилла  есімді тұлпар. Бұл  жылқыны  Ағыбай сонау көршілес жатқан Ресей елінен Астанаға әкелінгенін естіп, арнайы барып тұрып, сатып алған екен. Бабы мен бағы келіскен есік пен төрдей сәйгүліктің күтімі де ерекше.  Жалпы, атбегінің айтуынша шын тұлпар жүйріктігін дөнен жасында танытады.

– Көп атбегілер жылқыны жабағы, тай кезінде бәйгеге қосамын деп жаңылып жатады. Тұлпардың шын жүйріктігін танытатын тұсы дөнен жасы. Осы кезде жылқының бабы келісіп, сүйегі қатая түседі. Егер тұлпардың қанында тектілігі болса, ол  дөнен жасында  бәйге бермейтіні анық. Негізі, бізде шауып жүрген аттардың дені ағылшын тұқымдастар. Ал, өзіміздің қазақы жылқылар сиреп кетті. Аламан бәйгеде қазақы жылқылар шыдас бермей жатады. Әрине, қазақ болғаннан кейін осы жағы жанға бататыны бар. Алайда, ақиқаттан айналып өте алмайсың. Қазақы жылқылардың тұқымы  ұсақталып кеткені жасырын емес. Мендегі тұлпарлардың да тұқымы әртүрлі.  Оларды күтіп, баптауға  ешқашан ерінген  емеспін. Жылқы жанын түсіну жан рахатын береді, – дейді атбегі.

Иә, Ағыбайдың сыр сымбаты мен шабысы көз қуантар арғымақтарының есімі де, қаны да  басқа. Оған ренжуге де болмас. Өйткені, қазір әлем елдері ағылшын мен араб жылқысының  тұқымын төре санайды. Тізгінін сәл босатсаң тебініп тұратын бұл тұлпарлардың тегі бөлек болғанымен, бәйге атаулысында алдына жан салмайды. Әлем атбегілерін де қызықтырар тұсы осы. Атбегінің айтуынша, жылқыны тұқымына қарай бөліп қарауға болмайды екен.

– Ағылшын тұқымдас байталдарды елімізге көптеп әкеліп, қазақы жылқылармен будандастыру қажет. Сол кезде аралас қанды арғымақтарды шығарып, шетелдіктердің қазақы жылқыға деген  қызығушылығын тудыра аламыз, – дейді ол.

Иә, бұл сөздің де жаны бар шығар. Ал, бәйге атын баптауға келгенде, Ағыбай көктем айында арғымақты аңдап аламанға қосу қажеттігін ескертеді. Өйткені, «көктемде жілік, күзде жүйрік шабады» деген қағидат бар. Міне, осы нақылды ескермеген кейбір  атбегілер  көктемде бабы келмеген жылқыны бәйгеге қосып, тайтұяқты жарақаттап алып жатады екен. Сондықтан, жас атбегілерге көктем айларында  осы жағын ескерген жөн.

Жалпы, Ағыбай Амангелдіұлының ат баптау өнерінің өзіндік ерекшелігі де бар. Ол бәйге алдында тұлпарды тізгіндеп ұстамай, күн бұрын тау-тасты, даланы аралатып бойын жазады. Және жылқыға таза сұлы беріп, өз ретімен суытады. Атбегінің сөзіне сүйенсек, жылқының жақсысы тамақты да талғап жейтін көрінеді. Яғни, шын жүйрік  бәйге алдында қанша жем берсең де, тек мөлшерімен жеп, өз-өзін аламанға дайындайды екен. «Бұл жылқы малының ерекше қасиеті», – дейді атбегі.

Бүгінде Ағыбай жарысқа қатысып, ат құлағында ойнайтын шабандоздарды іздеп жүр. Әйтсе де, шабандоздар табыла қалған жағдайда қоятын талаптары да жоқ емес. Бірінші кезекте шабандоздың салмағы ескеріледі. Әрі ат құлағында ойнауы қажет. Себебі жылқы малы сезімтал келеді. Сондықтан жылқыны жақсы білуі шарт. Екіншіден ат үстінде шаба білуі қажет.

Бүгінде қалалық жерлерде, әсіресе орыстанып кеткен аймақтарда, ұлттық өнерді қайта жандандырып жүрген адамдарды табу өте қиын. Ал оларға жанашыр болатын қолдаушыларды табу одан да қиын мәселе. Ағыбай Сәрсенбековтың ендігі арманы салт атпен жүру – иппотерапиясын дамытуды қолға алмақшы. Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады. Әрі ат үстінде жүру эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді, көңіл-күйді көтереді. Тек басшылықтан жалға жер алсам болды, қалғанын өз күшіммен-ақ іске асырамын дейді Ағыбай Амагелдіұлы.

Автор: Меруерт СӘЛІМҚЫЗЫ


Фото к статье:
Просмотров: 122 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "АТ БАПТАУ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ ӨНЕР" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar