18.11.2017
Суббота 18:01

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
20.10.2017 Про то как арендовать Азамат Агрыметов:Я, например, арендую машину именно у astana-express.kz . Были случаи когда требовались автобусы для перевозки группы туристов и они у них на... 02.07.2017 С Новым Годом г.Абай Ермек Сакетов:Сабина может илучше спеть☺ 10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во... 08.01.2017 Новогодний патруль Asem Iskakova:Фу это Оля калташова все портит
Рекламный блок
Опросник
Когда наступит конец света?
Всего ответов: 40




Бас жүлде біздің ауданда


Опубликовано: 27.02.2017

Өткен аптада Жаңаарқа ауданында І аймақтық «Арқа аруы - 2017» сән байқауы өтті. Оған облысымыздың қалалары мен аудандары арасынан әдемі ару атағы үшін 16 мен 22 жас аралығындағы 9 үміткер бақ сынасқан. «ЭКСПО – 2017» халықаралық байқауы, «Алаш» партиясының 100 жылдығы, Қазыбек би бабаның 350 жылдығы аясында ұйымдастырылғын байқау бірнеше кезеңнен тұрған. Сайыста арулар қазақ киімінің сән үлгісі, өнерін көрсету және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берумен бірге өз халқының салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, тарихы мен мәдениетін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Қысқасы, бұл жерде арқа аруы атану үшін «ақылың көркіне сай болу» керек болды. Осы сындардың, өзіне қойған шарттардың барлығынан мүлдірмей өтіп, сахынада өзін – өзі көрсете білген, жан – жақтан келген 9 әділқазылардың көңілінен шыққан, №5 Абай Құнанбаев атындағы мектеп – гимназияның оқушысы, ару қызымыз «Арқа аруы - 2017» атағының иегері Қызғалдақ Әуезхан бас жүлдені жеңіп алды. Енді Қызғалдақ аруымыз алдағы уақытта өтетін республикалық байқауға дайындалып, үздіктердің үздігі болуға бар күш – жігерін салады. Сонымен ару тәжі біздің ауданға бұйырды.

 Сол сияқты сән байқауына біздің ауданнан Яна Лундина да қатысып, келбетімен, талантымен көзге түсті. Оның домбырамен тартқан күйі жиналған қауымға ұнағаны соншалық, отырған орнынан тұрып қошемет көрсеткен. Көзге түскен Яна аруымызда алғыс хатпен марапатталған.

Қыздарымызды баптап, әрбір нөмірлерін бүгей – шегейіне дейін ойластырып, жанын салып, ауданымыздың атынан қатыстырып, биікке шығарған, жағдайларын жасап, жанкүйер болған аудандық мәдениет үйінің әдіскері Динара Жұмағұлованың сіңірген еңбегі зор. 

- Бір айға жуық дайындалдық. Алдымен ата – аналарына хабарласып, рұқсаттарын алдым. Байқауға қатысып, келудің өзі бір абырой ғой деп. Орын аламыз деп мүлдем ойламадық. Жақсылап дайындалып, өз – өзімізді көрсетеміз дедім. Осы оймен екі қызымызды дайындадым. Қызғалдақ аруымыз басқа аудандардан келген аруларға қарағанда, бір қадам алда жүрді. Кілең мықты арулардың ішінен түрі, жүрісі, зияткерлігі басым болды. Сонымен бас жүлде бізге бұйырды. Қуанышымда шек болған жоқ. Сол сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Яна қызымыз да көпшілік тарапынан қолдау тапты. Домбырамен күй шерткенде барлық жиналған жұртшылық қол шапалақтап, алғыстарын жаудырып жатты. Байқау аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қызымызбен суретке түсіп, сол кештің жұлдызына айналды. Әрбір ұстаз өзінің дайындаған шәкіртінің алда болғанын қалайды ғой. Менде қыздарымыз үшін шын жүректен тақымымымды қысып, тілекші болдым. Ауданымыздың атын шығардық. Қаншама күнгі дайындық зая кетпеді. Жемісті нәтижесін берді, – деп өзінің жүрекжарды, қуаныштан тасыған сезімімен бөлісті.

Алдағы уақытта қыздарымызға шығармашылық табыс, сәттілік, жұлдыздарының жарқырай беруіне тілектеспіз. Қызғалдақ аруымызға биік шыңдардан көріне берсін демекпіз.

Автор: Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Фото к статье:
Просмотров: 314 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Бас жүлде біздің ауданда" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar