24.09.2017
Воскресенье 07:34

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Рекламный блок
Опросник
Сколько Вам лет?
Всего ответов: 650




ИТ ЖАЌСЫСЫ – ТАЗЫ


Опубликовано: 18.03.2017

Оны аз десеңіз тазыны жеті қазынаның бірі деп, жігіттің жүйрік ат, қыран құспен қатар тұратын үш серігінің біріне балаған. Кезінде бір ауылды асыраған иттің сырттаны саналатын тазы баптау, оның тұқымын көбейту ісі бұрынғы жылдары тоқтап қалып еді. Осы күні елімізде 500-ге жетер жетпес тазы ғана бар көрінеді. Құрудың аз-ақ алдында қалған тазы тұқымдының саны 200 басқа дейін кеміген кездер де болыпты. Дегенмен, ұлттық құндылығымызды сақтап, ит баптауды жанына серік еткен азаматтарымыздың арқасында осы бір мәдени мұрамызды көбейту мүмкін болғандай.

 Ол мақсатта елімізде тазы қанын тазартып, оның тұқымын көбейту мақсатында түрлі көрмелер мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Құрма ауылдық округіндегі Жұмабек ауылында тазы асырап, иттің осы тұқымының көбейюіне, ұлттық құндылығымыздың сақталуына өз үлесін қосып отырған жан бар. Ол 40 жылға жуық тазы ұстап, әкесінің бастап кеткен дәстүрін жалғастырушы – Анарбек Ақыжанұлы Алимбеков. Ауласында үш жасар Тұйғын мен екі жасар Лашын атты тазылары бар. Бұл тазылар бұрындары  облысқа танымал болған Құмарлан атты тазы иттің тұқымы екен. Анарбек ағаның тазы иттеріне Астана, Алматы қалаларынан да ит баптайтын адамдар келіп, тұқымын алып жатады екен.

Тазы тұқымының артықшылығы із кезуі мен иісшілдігінде екен. Тамақтандыру жағына үлкен мән беріліп, бабынан айырылып қалмасын деп далаға шығарып, шаптырып, ойнатып тұратын әдетін тастамайды. Бір қыста 25 қоян, 15 түлкі, 5 борсық аулайды екен. Былтыр Қарағанды қаласында өткен облыстық жврыста Тұйғын атты тазысы бірінші орынды иеленген.

«Болашақта тазы тұқымды иттердің санын көбейтсем деген ойым бар. Онысыз да айырылып қала жаздаған асылымыздың мүлдем құрып кетпейіне тигізер менің үлесім осы ғана»,-дейтін жігіт ағасының бұл ісі құптарлық. Тазы біздің мәдени мұрамыз. Сондықтан тазы бағып, оның тұқымын асылдандыру ісін қолға алған азаматтармызға қолдау көрсетілер болса, ұтарымыз көп болады.

P.S.:"Ит жақсысы – тазы" туралы түсінік Жақсы иттержайлы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит – құмайды иттен емес, "итала қаз" дейтін ала құстың жұмыртқасынан шығыпты-мыс, – дейді. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. құмай тазы туралы аңыз – әфсаналарға зер салатын болсақ, иттің тотемдік культі және күнделікті өмірдегі таза практикалық пайдасынан болса керек.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік өзенінің Сайхан – Сауыр тауларын жарып өтетін тікжартастың кемерінде "құмай ұясы" деген орны күркенің орнындай құстың ұясы бар. Ағаш бұтақтарынан сарғайған шөп қалдықтарынан салынғанүяәлі тұр. "Ұясы осындай үлкен болғанда, жұмыртқасы қандай болды екен", – деп таңғалысады. Тазы ит осы ұяны мекендеген алып құс – құмайдың жұмыртқасынан шығыпты. Қазақта "құмай тазы" деген сөз бар, жақсы, жүйрік, алғыр тазыларды "нағыз құмай тазы", - деп жатады.

Автор: Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Фото к статье:
Просмотров: 251 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "ИТ ЖАЌСЫСЫ – ТАЗЫ" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar