20.08.2017
Воскресенье 04:36

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Рекламный блок
Опросник
Когда наступит конец света?
Всего ответов: 38




Күлсең бүкіл дүние саған ілесіп күледі


Опубликовано: 08.11.2015

Бақыт Айткенқызы 1958 жылы 19 маусымда Қарабас кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Отбасы Топар кентіне көшіп келгеннен кейін 1966 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, 1976 жылы оқуын аяқтайды. Содан арман қуып Қарағанды қаласындағы училищеге 1980 жылы кітапханашы мамандығына түседі. Оқуын жақсы бітіргеннен кейін жолдамамен Қарқаралы облысы, Қарағайлы ауылына кітапханашы болып жұмысқа тұрады. Одан аға кітапханашыға дейін көтеріледі. 1983 жылы Қарағанды қаласына қазіргі Қарағанды экономикалық университетінде кітапханашы болып қызмет жасайды. Еңбекте жемісті адам кітапханашыдан библиографқа дейін көтеріледі. 1996 – 1998 жылдары Қарағандыдағы автожолда жетекші маман болады. Бұл қызметте жүріп Статистика академиясының Қарағанды қаласындағы филиалында бухгалтер – аудит мамандығын тәмамдайды. 1998 – 2003 жылдары өзінің сүйі істейтін ісіне оралып, Мичурин ауылында кітапханашы болып жұмыс жасайды. 2003 жылы мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде барлық сынақтардан өтіп, Абай аудандық статистика басқармасына жүұмысқа қабылданады. Содан қазіргі уақытқа дейін қызмет жасап келеді.

Отбасында Фархат атты ұлды тәрбиелеп отырған аяулы ана. Ұлын оқытып, екі жоғарғы білімі бар экономист және темір жолшы. Биылғы жылы Лаурия атты қызбен шаңырақ құрып, Қарағанды қаласында жұмыс істеп, тұрып жатыр. Ұжымда сыйлы, жауапкершілігі мол маман, зейнеткерлік жасқа тақалып қалған Бақыт Айткенқызы өңі тың, жас көрінеді.

– Негізгі мамандығым – кітапханашы. Әрине, есеп қызметі – қиын да, қызық мамандық. Бұл салады 12 жылдан бері қызмет жасап келемін. Жақсы төселіп, сүйіп жасайтын болдым. Өмірдің бәрі сандардан тұрғаннан кейін. Сансыз ештеңенің де мәні болмас деп ойлаймын. Ұжыммымызда жақсы. Жас мамандар жұмыс істейді. Соның арасында жүріп, жаным мен тәңімде жас болып жүремін(күліп алды). Шығыс ақындардың өлеңдерін сүйіп оқимын. Яғни, олар Науаи өлеңдері, Абайдың қара сөздері.

Философиялық, психологиялық кітаптарды оқимын. Күлсең бүкіл дүние саған ілесіп күледі, деген өмірлік ұстанымын бар.
Өмірге деген зор құштарлығын көрсеткен Бақыт апаймен сұхбаттасқан бір ғанибет екен. Алда келе жатқан мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерімізді білдіріп қайтық.

Автор: Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Фото к статье:
Просмотров: 632 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Күлсең бүкіл дүние саған ілесіп күледі" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar