20.11.2017
Понедельник 09:44

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
20.10.2017 Про то как арендовать Азамат Агрыметов:Я, например, арендую машину именно у astana-express.kz . Были случаи когда требовались автобусы для перевозки группы туристов и они у них на... 02.07.2017 С Новым Годом г.Абай Ермек Сакетов:Сабина может илучше спеть☺ 10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во... 08.01.2017 Новогодний патруль Asem Iskakova:Фу это Оля калташова все портит
Рекламный блок
Опросник
Когда был основан г.Абай?
Всего ответов: 613




ЎЛТЫ БҐЛЕК БОЛСА ДА, САЛТЫ ЎЌСАС ДЇНГЕНДЕР


Опубликовано: 18.03.2017

Ұлыстың ұлы күні, ел ішінде тараған аңызда, Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайпаған топан су кері қайтады. Сол сәтте жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бері бұл күн ұлыстың ұлы күні аталып кеткен.

Наурызды қазақ елінен басқа күншығыс елінің біразы тойлайды. Ұлы мереке қазақ жерінде тұратын өзге ұлт өкілдеріне де ортақ мейрам. Ғасырдан астам уақыт бойы қазақ жерін мекендеген дүнген халқы үшін де әз наурыз дәстүрлі мерекеге айналған. Абай ауданының Жартас селолық округында  30-ға жуық дүнгендер отбасы тұрады. Шәмшінің әйгілі «Дүнген қызы» әніне арқау болған дүнгеннің ару қыздары мен тепсе темір үзетін жігеттері, еңкейген кәрісі мен еңбектеген баласына дейін наурызды ерекше атап өтеді.

Рамазан айы мен Құрбан айтты негізгі мерекелері санайтын бұл халық ұлыстың ұлы күнін де дүбірлетіп өткізеді. Көпшілікке танымал лағманның бірнеше түрін жасап, жарысатын кездер болады дейді «Чинме» дүнген мәдени бірлестігінің жетекшісі Арса Мова. Сондағы ең жіңішке кеспе иненің жасуынан өтуі қажет екен. Сондай-ақ айтулы күні келген қонақтарға наурыз көжеге ұқсас афла әзірленеді. Бұл тағамның дайындалуы қарапайым болса да, дәмі ерекше. Алдымен ет пен пияз бірге қуырылады да, картоп пен сәбіз бірге салынып, барлығы жақсылап араластырылады. Одан кейін су құйып, ол қайнағаннан кейін қажетті дәнді-дақылдарды салады.

Дүнген мәдениеті мен тілі қытай халқына жақын. Алайда дәстүрлерін осы күнге берік сақтап келген ұлт ұлдарына тек дүнген қыздарына ғана үйленуге рұқсат береді немесе ата-аналары таңдаған қыз келін болады. Өз халқының мәдениеті мен әдет ғұрпын сақтап, дамытумен қатар жас ұрпаққа да насихаттауда.

Жалпы дүнген этнонимі, шығыс деген манынаны білдіретін «дон» сөзінен шыққан. Күншығыстан келген бейтаныс халықтың тілін түсінбеген қазақтар оларды дүнгендер деп атап кеткен. Бүгінде көне ғұрпын бастапқы қалпында сақтап отырған дүнген халқының ақсақалдары жас буыннан мемлекеттік тілді жетік білуді талап етеді.

-Бүгінде көптеген өзге ұлттың балалары қазақ тілді сыныпқа барып жүр. Мен балаларымның да, немерелерімнің де қазақ тілін білгенін қалаймын. Себебі қазақстан біздің ортақ отанымыз, - дейді Арса Мова.

Айта кетерлік бір жайт, дүнгендер наурызды діни мереке ретінде қабылдайды. Сондықтан олар ұлыстың ұлы мерекесінде таңсәріден ющен, біздіңше, шелпек пісіреді. Балалар ющенді көршілерге екі-екіден таратады. Ал көршілер оны жеп тауысуылары керек. Оны тастауға немесе қалдыруға болмайды. Мереке күндері дүнгендер бір-бірін ренжітпей, қайта мейірбандық танытуды өздеріне парыз санайды. Сондықтан бұл күндері жұртшылық емен жарқын әңгімелесіп, реніштерін ұмытады. 

Қиын қыстау жылдары қазақ жеріне келген 3000-ға жуық дүнген халқының саны бүгінде жетпіс мыңға жақын. Ал бір ғана Жартас ауылында тұратын 150-ге жуық дүнгендер күні бүгінге дейін өздерінің ата кәсіптерін жалғастырып, суармалы егіншілікпен айналысады. Еңбекке бейім халық әсіресе, ауылшаруашылығына ширақ. Көкеніс, жеміс-жидек егіп, баптайды Бір маусымның өзінде бірнеше пұт өнім алатын еңбекқор халық еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықты сақтауға үлесін қосумен бірге, өздерінің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға атсалысуда.

Автор: яя


Фото к статье:
Просмотров: 286 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "ЎЛТЫ БҐЛЕК БОЛСА ДА, САЛТЫ ЎЌСАС ДЇНГЕНДЕР" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar