22.11.2017
Среда 18:44

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
20.10.2017 Про то как арендовать Азамат Агрыметов:Я, например, арендую машину именно у astana-express.kz . Были случаи когда требовались автобусы для перевозки группы туристов и они у них на... 02.07.2017 С Новым Годом г.Абай Ермек Сакетов:Сабина может илучше спеть☺ 10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во... 08.01.2017 Новогодний патруль Asem Iskakova:Фу это Оля калташова все портит
Рекламный блок
Опросник
Что ты делаешь с казюлей, когда достанешь из носа?
Всего ответов: 33




Қасіретті жылдар боздақтарына – тағзым


Опубликовано: 07.06.2016

. Спасскідегі қаралы жиынға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет  Әбдібеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков, облыстық мәслихатттың хатшысы Рысқали Әбдікеров, Қазақстандағы Эстония Республикасы Елшілігінің өкілдері, этно – мәдени және діни бірлестіктер, облыстық басқарма басшылары қатысты. Сондай – ақ, мұнда жер аударылған шетел азаматтарын еске алу рәсіміне олардың жерлестері келді. Саяси қуғын – сүргін құрбандарының қазақстандық ескерткіш белгісіне гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланғаннан кейін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке сөз берілді.

–Қазақстан бойынша жер аударылып келгендердің көп шоғырланған орталығы – Қарағанды болды. ГУЛАГ – тың ең ірі еңбекпен түзеу лагері ҚарЛАГ екені белгілі. Бұл орын – мемлекет ішіндегі мемлекет секілді еді. Мұндағы жергілікті билікке, атқарушы органдарға бағынған жоқ. Тікелей Мәскеуге қарады. ҚарЛаг-тың орталығы – Долинкада бір бір кездері бір мезетте 1 миллион жазықсыз жапа шекккендер отырғанын тарих куәландырады. Ендігі ұрпақ осындай зорлық – зомбылыққа жол бермес үшін біз мұны ұмытпауымыз керек және қуғын – сүргінде болғандардың рухына құрметпен қарауға тиіспіз,  – деді өңір басшысы.

Одан кейін елдіктің сөзін сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов жалғастырды. Ол өз сөзінде аштық, репрессия жылдарындағы адам төзгісіз ауыртпалықтар мен ұлт басына төнген қасіретті көсіле айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты жоба аясында Ассамблея мүшелері кезіндегі Алашорда үкіметінің астанасы Семейге барып, түрлі шаралар ұйымдастырып, өзге ұлт өкілдеріне төл тарихымызды танытып жатқандарын тілге тиек етті. Елдің елдігі үшін, егемендігі үшін жан алысып, жан беріскен ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету - ұрпақтардың қасиетті борышы екендігін айтты.

Бұл жерге 90 – шы жылдардың басынан бері түрлі елдер өз отандастарына арнап ескерткіш орнатып келеді. Биыл мұндай кешен қарашайлар мен балқарлықтарға арнап бой көтерді. Тас тұғыр қуғын – сүргінге ұшыраған халықтың қайғы – мұңынан хабар беріп тұрғандай әсер береді. Төменге қарай құлдилаған пойыз ата қонысынан ажырауға мәжбүр болған 107 мың балқарлықтың тағдырын бейнелейді. Ескерткіш Қарлагта тұтқында отырып, Қарағанды жерінде қаза тапқан әскери адамдарға арналады. Соғыс жылдары қарашай – балқар ұлтының 37 мың өкілі Қазақстан мен Орта Азияға жер аударыл-ған. Оның 16 мыңға жуығы қазақ жерінде қалған. Жазықсыз қудалан-ғандар отандарына оралмады. Қаралы митингке Эстония Республикасының елшілері мен аймақтағы этно-мәдени орталық өкілдері, сондай-ақ көзі тірі бұрынғы тұтқындар да келді. Олар отандастарының құрметіне гүл шоқтарын қойды. Рәсімде сонымен қатар, мұсылман, православ және католик діндарлары қатысып, дұға бағыштады.

«Мангетау» қарашай – балқар мәдени орталығының төрайымы Людмила Хочиева сол жылдардағы мұңды естелікті айта отырып еске алды.

– «Солтүстік Кавказ 455» аталған 14 эшелон балқарлықтарды беймәлім бағытқа әкетіп бара жатты. Қайтыс болған адамдарды жерлейтін мүмкіндік болмағандықтан, оларды вагондардан лақтыруға тура келді. Бес мың шақырымға созылатын жолдың бойында жайрап қалған олардың рухы мүмкін енді жай табатын болар. Осы жерге 62 халықты қуып әкелгенде, бір жапырақ нанды бірге бөліп жеген халықтың ұрпағымыз. Біздің балаларымыздың аспаны ашық болып, осындай жағдайға түспейтіндей, Елбасымызға, қазақ халқына, қазақ жеріне басымды иіп, рахмет айтамын, - деді өз сөзінде.

Жиынға қатысқан Николай Матияшин саяси тұтқынның немересі, жазықсыз қуғындалған жанның баласы болып табылады. Жыл сайын осы Спасск мемориалына келіп, опат болған отандастарын еске алады. Жеті адамнан тұратын оның отбасы 1947 жылы Украина елінен мәжбүрлеп жер аударылған. Ол Т.Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы болып келеді.

 - Өте қиын кезең еді. Осынау қысылтаяң уақытта бізге қол ұшын созып, нәубеттен аман алып қалған қазақ жеріне деген алғысымыз шексіз. Қуғын-сүргінге бұрынырақ ұшырап, ертеректе келген адамдар да болды. Біз олармен тез тіл табысып, достасып кеттік, бір – бірімізден көмегімізді аяған жоқпыз, - деп алғысын білдірді.

Спасск мемориалдық кешені – әскери тұтқындар жерленген жер. Мұнда елуден астам ұлт өкілінен шыққан 5 мың тұтқынның мүрдесі көмілген. Алайда нақты қанша адамның қаза болғаны әлі күнге анықталмай отыр. Бүгінде бұл жерде саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне ашылған 27 ескерткіш бар.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Автор: яя


Фото к статье:
Просмотров: 453 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Қасіретті жылдар боздақтарына – тағзым" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar