19.10.2017
Четверг 02:05

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Рекламный блок
Опросник
Что ты делаешь с казюлей, когда достанешь из носа?
Всего ответов: 33




Мәдениет қызметкерлері күні Топарда


Опубликовано: 30.05.2016

 

Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан – дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Бұл күн әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Биылғы жылғы концерт өзге жылдарға қарағанда ерекше. Себебі, жыл сайынғы аталмыш сала қызметкерлерінің күні әр ауылдарды тойланатын болады. Биылғы жылы мейрам Топар кентінен бастау алды. 20 мамыр күні Топар кентіндегі «Энергетик» мәдениет үйінде үлкен көлемде мерекелік кеш болып өтті. Мәдениет үйінің кіреберісінен аудандық елдімекендердің мәдени өмірлерінен дайындаған көрмелері мен қолөнерлері асқан шеберлікпен дайындалып, тұрғындар назарына ұсынылды. Аталған іс – шараға ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың қызметкерлері және мәдениет ардагерлері сыйлы қонақ ретінде қатысты.  

Кеш мәдениет саласының пайда болған тарихынан театрланған көрініспен ашылып, әсем де көңілді ән – күймен жалғасын тапты. Мәдениет қызметкерлерін төл мерекелерімен аудан әкімі Серік Шайдаров құттықтады.

- Осы бір айтулы мереке күні мәдениет пен өнер саласының барша өкілдерін шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймын. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер, – дей келе аудан басшысы – бұл салада да әлі болса жұмыстар жасап, кенже қалып жатқан бағыттарын дамыту керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар болашақта бесжылдықта мәдениеттің дамуына нақты мақсаттар жасап, жұмыстардың 5 бағытын көрсетті. Әрбір мәдени мекемелер 5 жылда жүзеге асырылатын даму жоспарын жасау керек.

Біріншіден, кадр мамандарының жетіспеушілігін атап өту керек. Әсіресе, ауылдық елдімекендерде мәдениет саласында 1- 2 адам ғана жұмыс істейді. Бос орындарға адамдарды тарту керектігін қадап айтты. Жақсы мамандарды жұмысқа тарту үшін әдістемелік бөлімнің жұмысын арттыру керек.  Ауданның барлық елдімекендерінде бірыңғай мәдени саясатты жүргізу мақсатында мәденеит және өнер саласында көркемдік кеңес құру керек. Оның құрамына мәдениет, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін және қоғамдық өкілдерді кіргізу керек.

Еіншіден, қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру мәселесін алға тартты. Басшыларға кәсіби мамандықтары бар жұмыскерлермен кәсіби деңгейде жұмыстар жүргізілу керек. Басқа аудандардың өз ісінің кәсіби мамандарымен тәжірибе алмасу қажеттігін атап айтты. Сонымен қатар шығармашылық ұжымдардың жаңа белестерді бағындыруға деген құлықтарының жоқтығы. Аудан бойынша ұжымдар арасындағы «Халықтық» атағы  1987, 1996 және 2003 жылдардан бері алынбаған. Он жылдан астам уақыт бірде бір атақ алынбаған. Бұл бір ойланарлық жәйт. Біздің ауданда бірде – бір театр жоқ, ал басқа аудандарда болса 1 емес 2 – ден. Қолөнер, дизайн және т.б. бағыттарда кенже қалып келеді.

Үшіншіден, жасампаздық тәсілдер мен инновациялық идеяларды дамытумен жұмыс жасау қажет. Әрбір сала әрдайым жаңартуды талап етеді. Жаңа шығармашылық адамадарды, көркемөнерпаз ұжымдарын, жаңа дарын иелерін тарту бұл саланың дамытудың тың деңгейі болып табылады. Дарынды жастарды тарту керек, әсіресе ауыл жастарына баса назар аудару керек. Сол сияқты кітапханалар оқырмандар үшін ақпарат көзі, қарым – қатынас және қоғамдық өмірінің орталығы болғаны дұрыс. Бұл бағытта нақты іс – жоспарды қарастыруды тапсырды.

Төртіншіден, материалдық – техникалық базаның ескілігі, уақыт талабына сәйкес келмеуі. Абай ауданында инфрақұрылым саласы жақсы дамыған. Алайда, ауылдық елдімекендерде әлі күнге дейін клубтық мекемелерің құрылысына тапшы. Яғни олар, Юбилейное, Құрма және Сәрепті ауылдары.  Бұл бағытта басқармаға өтініш жобалар берірлген. Сонымен қатар Абай қаласында мұражай құрылысына өтініш беріліп, бұл мұражайдың екінші қабатында кітапхана орналастыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы Есенгелді ауылдық клубына және Топар кентіндегі «Энергетик» мәдениет үйінің ағымдық жөндеуден өткізу үшін 76 млн. ақша бөлінді. Алдағы үш жылда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қалған клубтарды жөндеу жоспарланып отыр.

Бесіншіден, республикалық мәдени қоғамдастыққа бірігу мәселесі. 2011 – 2015 жылдары аудандық көркемөнерпаз шығармашылығынң қатысушылары әртүрлі халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдерде белсенді түрде қатысып жүр. Бұл жұмысты әрі қарай дамыту керек. Бұл жаңа белестерге көтерілуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бірде – бір кітапхана ақылы қызмет көрсетіп отырған жоқ. Бұл бағытта барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, пайда табуды ойластыу қажет. Қазіргі кезде бірде – бір шығармашылық ұжым ақылы концерт өткізген емес. Демеушілермен де жұмыс жасау керек. Шығармашылық белсенділіктен мекеме басшылары тарапынан қызметкерлер арасында бәсекелестікке дамыту арқасында жақсы жетістікке жеруге болады.

Одан кейін ауданымыздың мәдени тұрғыдан дамуына, өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталды.  Аудан әкімінің құрмет грамотасы аудандық мәдени – бос уақыт өткізу орталығының меңгерушісі Г.Мамлютоваға, аудандық орталық кітапхананың аға кітапханашысы О.Бояроваға,  Топар кентіндегі «Энергетик» Мәдениет үйіндегі би ұжымының жетекшісі Б.Жандығұловаға табыс етілді. Ал алғыс хатпен Құлайғыр ауылының кітапханашысы Т.Әділбекова, Жартас ауылының мәдениет үйінің директоры Л.Шишикина, Құлайғыр ауылдық мәдениет үйінің директоры З.Донбаева марапатталды. 1 млн. теңге көлеміндегі сертификат Топар кентінің «Энергетик» мәдениет үйіне және 400000 теңге көлеміндегі сертификат кітапханаға берілді. Южный кенті, Құлайғыр, Агрогородок ауылына, аудандық балалар кітапханасына 150 мың теңге көлемінде табысталды. Сонымен қатар облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Алғыс хатына және ақшалай сыйлыққа «Поющие сердца» орыс халық әндері хорының жетекшісі Софья Волощук ие болды. Марапатқа ие болған барлық мәдениет қызметкерлері естелік үшін суретке түсті.

Сонымен қатар аудан әкімі мерекелік шараға Астана қаласынан халықаралық және республикалық конкурстардың лауераттарын шақырып, кеш қонақтарының көңілдерін көтеріп тастастады. «Қазақмыс энерджи» ЖШС – нің және «Топар жылыжай» ЖШС – нің  атынан 50000 теңге көлеміндегі сертификат Топар кентінің кітапханашысы М.Шариповаға және балалар кітапханасының басшысы С.Абишеваға берілді. Сол сияқты осындай сертификат ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Сәдуақасовқа, «Русалица» этномәдени орталығының жетекшісі Е.Ищенкоға табыс етілді. Мерекелік шара өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Автор: Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Фото к статье:
Просмотров: 460 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Мәдениет қызметкерлері күні Топарда" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar