26.07.2017
Среда 14:44

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Рекламный блок
Опросник
г.Абай раньше назывался...
Всего ответов: 836




Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті


Опубликовано: 27.02.2017

Жылдағы дәстүрге сай мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада тағы да өз жалауын көтерді. Бұл жолы спорттың 5 түрінен сынға түскендер сайыста өз әріптестерімен бақ сынасты. Волейбол, стол теннисі,  шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалықтан жарысқандар біліктіліктерін ортаға салды. Жас шамасына шектеу қойылмаған спорттық сайысқа аудан бойынша барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Спартакиаданың салтанатты ашылуында «Нұр Отан» партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары  Нұрлан Адашев және спартакиаданың құрметті қонағы ретінде шақырылған спорт ардагері Андрей Райш қатысушыларды құттықтап, сайыста сәттілік тіледі. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінен жасақталған  «Алға», «Тұлпар», «Жалын» және  «Жұлдыз» командаларының мүшелері қызметте әріптес болса да, спортта бәсекелес болды.

Айта кету керек, мекемелер намысын қорғауға шыққандар арасында ауыл және қала әкімдері де бар. Ұйымдастыршылардың айтуынша, дәстүрлі сайысқа келесі жылы жаңашылдықтар енгізілмек. Жарыс қатарына жүзу спорты қосылатын болады.  

Спортты жанына серік еткен сайыскерлер бәсекесі 5 сағатқа созылды.  Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «Алға» тобы  бақталастарын басып озып, 1-інші орынды иеленді. Ал «Тұлпар» командасы 2-ші орынды қанжығаға байласа, «Жалындықтар» үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегер топтар Абай ауданы әкімінің дипломымен және кубогымен марапатталды. Ал үздік ойын көрсеткен  команда ойыншыларына мадақтамалар мен медальдар табысталды.

 

Волейболдан:

1 орын – «Жалын» командасы

2 орын – «Тұлпар» командасы

3 орын – «Алға» командасы

4 орын – «Жұлдыз» командасы

 

Шағын-футболдан:

1 орын – «Алға» командасы

2 орын – «Жұлдыз» командасы

3 орын – «Жалын» командасы

4 орын – «Тұлпар» командасы

 

Үстел теннисінен:

1 орын – «Тұлпар» командасы

2 орын – «Жұлдыз» командасы

3 орын – «Алға» командасы

4 орын – «Жалын» командасы

 

Дойбыдан:

1 орын – «Тұлпар» командасы

2 орын – «Жалын» командасы

3 орын – «Алға» командасы

4 орын – «Жұлдыз» командасы

 

Тоғызқұмалақтан:

1 орын – «Алға» командасы

2 орын – «Жалын» командасы

3 орын – «Тұлпар» командасы

4 орын – «Жұлдыз» командасы

Автор: яя


Фото к статье:
Просмотров: 242 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Мемлекеттік қызметшілер сайысқа түсті" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar