17.01.2018
Среда 20:32

Привет, Гость
Ali Abai
Войти на сайт через:

Или зарегистрируйтесь
ЦОН филиал №2 п.Топар
Абайское такси АБВ

Новости г.Абай

Информация о происшествиях, событиях и многое другое

добавить на Яндекс
Быстрые сообщения
Новые комментарии
15.01.2018 Коллегам школы 3 г.Абая Evgeniy TET:Спасибо Зинаида Ивановна 20.10.2017 Про то как арендовать Азамат Агрыметов:Я, например, арендую машину именно у astana-express.kz . Были случаи когда требовались автобусы для перевозки группы туристов и они у них на... 02.07.2017 С Новым Годом г.Абай Ермек Сакетов:Сабина может илучше спеть☺ 10.05.2017 Первый страж Айдар Шаркеев:Шаркеев Мактай мой дед, точнее младший брат моего деда, горжусь им!!! 08.05.2017 Шахта Абайская Жанна Есмагамбетова (Сатибаева:Здравствуйте.Хотела бы обратиться к руководителю музея шахты "Абайская". Тел.87021322752 10.03.2017 Цветочный патруль VYSHEGUROVA LYUDMILA:МОЛОДЦЫ!!!!!!НЕ ЧЕГО НЕ СКАЖЕШЬ.... 09.03.2017 Цветочный патруль Ручная Работа:Молодцы !!!!!!! 21.02.2017 ГЕРОИ НЕЗАБЫТОЙ ВОЙНЫ Галина Жамлиханова(Деньгильбаев:класс. молодцы... а у представит. в ч.35835 только два благодарственных письма представилось возможным наградить... только двух героев... во...
Рекламный блок
Опросник
Кто Вы?
Всего ответов: 327




Сотталғандарға ән сыйлады


Опубликовано: 02.01.2013

Өткен жылдан бері аудандық әкімдік темір тордың ар жағына тұтылған жазасын өтеушілердің көңілін көтеріп, қоғамнан тыс қалмағандарын сезіндіру үшін арнайы концерттік бағдарламалармен, түрлі тақырыптағы кездесулер ұйымдастырып отыруды қолға алды. Жылдың соңында, яғни жақында тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мейрамына орай тағы да аудан төңірегінде орналасқан түрмелерге жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламамен барып қайтты. Әншілерге біз де ердік.

Алдымен Көксу селосындағы АК 159-9 әйелдер абақтысына ат басын бұрдық. Тікенек тормен айнала қоршалған түрменің ішінде қылмескер атанған қыз-келіншектер жүр. Жанарлары суық. Адамға тік қарайды. Арасында қарттыққа қадам басқан әжелердің де бар екенін аңғардық. Көркімен көңілді баурап алар жап-жас апа-қарындастарымыздың қатары қалың екен мұнда. Мекеме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сламбек Айтқалиұлы бізді қарсы алып, бірден жазасын өтеушілер жиналған залға бастап барды. Абақтыда сотталғандар өздері концерттер мен кештер ұйымдастырып тұратынын айтты ол. Арасында өте талантты жандар жетерлік дейді.

Бізге қарағанда мұнда бірнеше мәрте болған, тобымызды бастап барған аудандық әлеуметтік бағдарламалар және моноторинг бөлімінің бастығы Ольга Цой әйелдер абақтысында өзін еркін ұстады. Ерлерге қарағанда әйелдер жылы қабылдайды дейді Ольга Васильевна. Оған көзіміз жетті. Аудандық мәдениет үйінің әншілері Бота Ноғаева, Айсұлу Әділбекова, Жанна Денисенко, Ерлан Мейірбеков пен Әсет Назаровтың тамылжыта салған әндерін жүректерімен тыңдап, қошеметтерін ду қол шапалақтарымен білдіріп отырды. Соңында алғыстарын айтып, жиі келіп тұрсаңыздар деген тілектерін білдірді.

Караған кентіндегі 159-5 мекемесінде аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Арасында кеңес кезінен бері қамалғандар да қалған екен. Мұнда да әншілерді жылы пейілмен қарсы алды. Шырқалған «Елім менің», «Ауылым», «Екі жұлдыз», «Жаңа жыл», «Кел қасыма», «Анашым» секілді көңіл толқытар әндер тыңдармандарға әсер етпей қоймады.

Қарабас кентіндегі 159-18 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің басым бөлігі жастар. Қарағандағы түзеу мекемесіне қарағанда мұндағы жастардың сырттан келген қонақтарды жақтыртпағаны сезілді.Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Ким «Олар мұндай сыңай танытқанмен іштей жүректері елжіреп, бір серпіліп қалады. Біз оларды жақсы білеміз. Қайсы болмасын, ағайын-туыстарын, ауылын, достарын сағынатындары айқын», - деген ойын білдірді.

Автор: Асылбек Тойбек


Просмотров: 1207 | Комментарии: 0

Комментарии с сайта

Уважаемые посетители, просим Вас оставлять свои комментарии. Ваши мнения и замечания по статье "Сотталғандарға ән сыйлады" важны нам и особенно их авторам. С помощью Ваших комментариев, Вы оцениваете журналистский труд и старание.
0 комментариев

Ваш комментарий
avatar